Жерді, оның қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп жарияланады. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл аталған ресурстардың кімге тиесілі екендігі мәселесінде ақырғы нүктені қояды. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.