Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы 2022 жылғы ақпанда қабылданды және алдағы 5 жылға есептелген. Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі шараларының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институты болып отыр. Ол 2020 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Бүгінде елімізде осындай комплаенс енгізген 6000-нан астам квазимемлекеттік сектор ұйымдары бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов хабарлады.