Былтыр «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» заң қабылданды. Ол «Самұрық-Қазына» қорының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялар мен олардың еншілес ұйымдарының сатып алуларын біріздендірді. Биыл 1 сәуірден бастап «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуын жүзеге асырудың жаңа тәртібі жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді.