Коммуналдық жағажайларда 5 жасқа дейінгі балаларға арналған шалшық сулар дайындалды. Онда құтқарушылар балаларға жүзу дағдыларын үйретеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов хабарлады.