Суға кетудің негізгі себептері: суға жазатайым құлау – 15 адам, оның ішінде ересектердің қарауынсыз қалған 3 бала; жеке құтқару құралдарынсыз балық аулау – 9 адам; мас күйінде шомылу – 1 адам. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов осындай мәліметтерді жария етті.