Медициналық-санитариялық алғашқы көмек денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі буын болып табылады. Бұл халыққа көрсетілетін барлық медициналық көмекті үйлестіруге арналған қызмет. ДДСҰ кеңесі бойынша халыққа көрсетілетін медициналық көмектің 80% осы алғашқы медициналық көмек көрсететін ұйымдарда алынуы қажет. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.