«Nickelodeon» миссиясы – балалардың ғана емес, ересектердің де әлеміне көп ойын әкелу. Дүниежүзі елдерінің психологтары балалардың дамуы ойын арқылы жақсы жүзеге асырылатындығын растайды. Арнадағы барлық контент әлемге баланың көзімен қарау арқылы жасалады. Балалар өздерінің қылықтарын мультфильм кейіпкерлерінен байқайды. Осы тәсілдің арқасында арна әлемнің көптеген елдерінде кеңінен танымал. Ол 180 елде 40-тан астам тілде ұсынылған. Енді қазақ тілінде де көрсетілмек. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметі алаңында өткен таныстырылым барысында Paramount Global компаниясының ТМД және Балтық елдеріндегі балалар және ойын-сауық брендтерін дамыту жөніндегі вице-президенті Мария Косарева айтып берді.