Мемлекет басшысы қойып отырған басты талап – бұл қазақ тілінің өрісін кеңейту. Өкінішке орай, жасөспірімдер арасында қазақ тілді контенттің жоқтығы ең басты көкейкесті мәселе болып табылады. Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметі алаңында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының төрағасы Қазбек Майгелдинов мәлімдеді.