Конституцияға енгізілетін өзгерістер – тек саяси қайта құрулар ғана емес, бұл халықтың өкілеттігінің де кеңеюі. Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры, ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды дайындау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Зәуреш Баймолдина Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық кездесуде сөз сөйледі.