Еліміз өзінің дамуының келесі бір кезеңіне өтудің алдында тұр. Биыл мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында саяси жаңғыру туралы ауқымды бағдарламасын ұсынды. 5 маусымда осы мақсатта арнайы жұмыс тобы әзірлеген заң жобасының тағдыры шешіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Конституциялық кеңестің аппарат басшысы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.