Бүгінгі күні ҚР пайдалы қазбаларының мемлекеттік теңгерімінде 8711 кен орны, оның ішінде көмірсутектер бойынша – 317, қатты пайдалы қазбалар бойынша – 910, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша – 3160 және 4324 жерасты сулары кен орны есепке алынады. Мұнайдың теңгерімдік қоры 4,4 млрд тоннаны, газ – 2,1 трлн м3, конденсат – 416,2 млн тоннаны құрайды. Бұл ретте олардың басым бөлігі Атырау облысында шоғырланған – бұл шамамен 75% және Маңғыстау облысында – 11%. Көмірсутек шикізаты қорының 68%-ы 3 ірі кен орындарының үлесінде: Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев осындай мәліметтерді жария етті. Жалпы пайдалы қазбалар қорының есебі 103 компонент бойынша жүргізіледі.