Алтын, қорғасын, мырыш. Қазақстанда жаңа кен орындарын ашу үшін айтарлықтай перспективалар бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ЭГТРМ Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев мәлімдеді. Мысалы, алтын кен орындары – бұл Ақмола және Қостанай облыстарының, сондай-ақ елдің Орталық, Шығыс және оңтүстік өңірлерінің алаңдары. Жаңа қорғасын-мырыш кен орындарын Орталық және Оңтүстік Қазақстанда, Кенді Алтайда, сондай-ақ Ресей және Қытаймен шекаралас алаңдарда ашуға болады.