Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 8-тармағына сәйкес Геология комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдары базасында Ұлттық геологиялық қызмет (ҰГҚ) құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Үкіметтің тиісті қаулысы өткен жылдың соңында қабылданды. ҰГҚ-ның басты мақсаты халықаралық стандарттарға сәйкес геологиялық материалдарды талдау, өңдеу және түсіндіру әдістерін жетілдіру арқылы инвесторларға және мемлекетке ұсынылатын геологиялық ақпараттың сапасы мен дұрыстығын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгеоақпарат» РГАО» ЖШС Бас директоры Жанат Кәрібаев мәлімдеді.