Қазіргі уақытта республикада халыққа медициналық көмекті 6 187 мемлекеттік денсаулық сақтау нысаны көрсетеді, оның ішінде 492 аурухана және 5 695 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілері. Ресурстарды басқарудың ақпараттық жүйесінің деректері бойынша медициналық ұйымдар ғимараттарының тозуы 51,7% құрайды. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңарту қажеттілігін айқындау мақсатында министрлік өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын өзектендіруді жүргізді. Денсаулық сақтау объектілерінің ағымдағы жай-күйіне кешенді талдау жүргізілді, сондай-ақ құрылысқа және күрделі жөндеуге қажеттілік айқындалды. Қорытындымен Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Инвестициялық саясат департаменті директорының м.а./директордың орынбасары Амина Жемакишева бөлісті.