Пандемия кезінде қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі түскен жүктемені көтере алды, бірнеше сапалы өзгерістер жасалды. МСАК ұйымдары жанынан 3600-ге жуық мобильді бригада құрылды. Олар өз тиімділігін көрсетті. Бұл тәжірибе жетілдіріліп, дамытылып келеді. Бұл туралы Орталық комункиациялар қызметінде өткен брифингте медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде көлік медицинасы шалғай ауылдардың тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 149 жылжымалы медициналық кешен шығуларды жүзеге асырады және халыққа скринингтік зерттеулер, бейінді мамандарды консультациялық қабылдау, зертханалық және функционалдық зерттеулер, оның ішінде МСАК-та динамикалық бақылаудағы созылмалы аурулары бар науқастарды, халықты вакцинациялауды жүргізеді.
Жастарды 18-ден бастап скринингтік зерттеулермен қамту жоспарланған
Тегтер:
денсаулық сақтау