Терапевтке екі апта бұрын, тар шеңберлі мамандарға жазылу одан да ұзақ, оған қоса шексіз кезектер мен учаскелік дәрігердің жұмысы. Емханалардағы проблемаларға қатысты шағымдардың көптігі өз нәтижесін берді. Енді шұғыл көмекті қажет ететін пациенттер ғана кезексіз «қажетті» дәрігерге бара алады. Ал «жоспар бойынша» келгендер не істеуі керек? Жағдайды Орталық коммуникациялар қызметі алаңында МСАК бойынша штаттан тыс бас маман, 5-емхананың бас дәрігері Алтыншаш Табулдина түсіндіруге тырысты.