Былтыр «Бақытты отбасы» бағдарламасына республикалық бюджеттен 70 млрд теңге бөлінді. Үміткерлерден 7 мың орынға 35 мың өтініш келіп түсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі барысында «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді.