Темекі индустриясы темекі өнімдерінің жаңа түрлерін өткізу арқылы адамдар мен ел үкіметтерін адастырады. Олар қыздырылған темекісі бар өнімдердің зиян аз және акциздер төмен болуы қажет деп мәлімдейді. ДДҰ өкілдері мұнымен үзілді-кесілді келіспейді. ДДҰ темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік Конвенция Хатшылығының Басшысы Адриана Бланконың айтуынша, 180-нен астам ел құжатты және «темекісіз өмір» қағидатын қолдады. Қазақстан да алдыңғы қатарда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жоғары миссия өкілі айтып берді.