Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі ұдайы Еңбек министрлігінің бақылауында. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдан бастап АӘК көрсету механизмі өзінің классикалық моделіне қайта өзгертілді. Ол бірінші кезекте көмек көрсетудің айқындылығын, әділдігін, еңбекке деген мотивациясын көтеруге бағытталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ведомствоның Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов хабарлады.