Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстандық қоғамдық даму институтының қоғамдық процестерді зерттеу орталығының талдаушы-менеджері, тарих ғылымдарының кандидаты Таисия Мармонтова білімді, ойшыл адам неге 5 маусымда референдумға барып, өз таңдауын жасауы керек екенін түсіндіріп өтті. «Жақтап» немесе «қарсы» дауыс берсе де, бұл есейген адамның таңдауы болады.