Референдум өткізудің өзі Қазақстанның тікелей ішкі ісі болғанына қарамастан, геосаяси турбуленттілікті және ұлттық мүдделер теңгерімін сақтауды ескеру қажет. Президент Тоқаев өзінің қазақстандықтарға үндеуінде барынша ашық және айқын айтады. Оны іске асырылып жатқан реформалардың мәтінін, олардың дәйектілігін оқысақ, байқаймыз. Ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны Қазақстан ішіндегі векторды өзгертуге және қазақстандықтардың саяси белсенділігін арттыруға бағытталған. Референдумға қойылатын және билікті орталықсыздандыруға бағытталған реформалар қазақстандықтардың елді басқаруға көбірек қатысуы есебінен мемлекеттің орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Орталық Азиядағы кәсіби саяси кеңесшілер қауымдастығы өкілдігінің жетекшісі, Rezonans. Asia шеф-редакторы Ассоль Мирманованың пікірінше, бұл атқарушы биліктің халықтың өзгеріп жатқан сұраныстарына жедел, ал кейбір жағдайларда превентивті реакциясын қамтамасыз етеді. Бұл туралы сарапшы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кездесу барысында айтты.