Қордың қайырымдылық бағдарламалар пакетіндегі тағы бір бағыты мүгедектігі бар балалар мен жастарды инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі жоба болады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде «Фармас» ЖШС техникалық оңалту құралдарын іріктеу орталығының басшысы Мәдина Ибрагимова, «Медикеа Интернешнл» ЖШС атқарушы директоры Самат Сортов баяндады.