Қаңтар оқиғаларына қатысты тергеу жалғасуда. Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласында жасалған қылмыстардың мән-жайларына толық тоқталды. Зорлық-зомбылықтың, қиратулардың, билік өкілдеріне қарсы күш қолданудың ең ауыр фактілері осы қалада тіркелген. Бас прокуратураның өкілі оқиғалар хронологиясын егжей-тегжейлі айтып берді.