2021 жылы 31 наурызда Үкімет қаулысымен Мәдениет және спорт министрлігінің архив және құжаттаманы басқару комитеті жанынан Геральдикалық зерттеулер орталығы құрылды. Орталық геральдикалық негіздерді, яғни тарихи таңбаларды зерттеумен айналысады. Оның мақсаты - ұлы заманнан бастап қазіргі тәуелсіздік арасындағы бабаларымыз тастарға қашап қалдырған ұлы тарихымызды зерттеп, зерделеп, оны өскелең ұрпаққа жеткізу. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директоры Асылбек Баяжұма мәлімдеді.