Бүгін референдум ел тарихындағы маңызды сәт. Партиялық емес бақылау орталығы осы референдумның ашық негізде өтуіне мүдделі. Басты міндет – азаматтардың ерік-бостандығын бұзуға жол бермеу. Бұл ретте сайлау үрдісін байқауға қатысатын өкілдер пулын қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Бұл туралы онлайн марафон барысында мекеме төрағасы РҚБ төрағасы Төлеген Күнәділев мәлім етті.