Бүгін бәріміз үшін маңызды күн. Ең алдымен, қаңтар оқиғасынан кейін елімізде экономикалық, әлеуметтік мәселелердің шешілмегені белгілі болды. Халықпен кездескенде де осы мәселелер көтерілді. Қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметі Сенатқа экономикалық-әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары бойынша жоспарын таныстырды. Бұл барлық баптар бойынша ойластырылған және қаржылық жағынан қамтамасыз етілген шара, деді Парламент Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен Орталық коммункиациялар қызметі алаңында онлайн-марафон барысында сөйлеген сөзінде.