Ел Конституциясына енгізу ұсынылып отырған негізгі өзгерістердің бірі Конституциялық соттың құрылуы және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің негізгі құзыретін, мандатын күшейту. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында референдум бойынша алғашқы республикалық онлайн-марафон барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді.