Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, соңғы кезеңде Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланып, бір ай бойы түсіндірілді. Егер оларды қорытындылап, талдайтын болсақ, бұл Конституциямызға енгізілген үлкен түзетулердің алтыншы блогы. Барлық түзетулерді экономикалық, саяси және құқықтық ережелерге бөлуге болады. Бұл жайттарды жұмыс тобының мүшесі, құқықтық саясат және конституциялық заңнама ҒЗИ директоры Сергей Ударцев түсіндірді.