Ислам Ынтымақтастық Ұйымының бақылаушылар миссиясы құрамында төрт елдің өкілдері бар. Жарғыға сәйкес, ұйымның мақсаты - қатысушы елдің ұлттық егемендігін құрметтеу, адам құқықтарын ілгерілету және мемлекеттік басқару мен демократияның сауатты ережелерін қолдау. ИЫҰ сайлау жөніндегі бөлімінің бастығы Шакир Махмуд Бандар Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көшпелі брифингте референдумға алдын ала бағасын берді.