Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бақылаушылар миссиясы дауыс беруге арналған 26 учаскеде болды. Олар барынша қамту үшін 5 топқа бөлінді. Ұйымның Бас хатшысының айтуынша, жергілікті жерлерде бақылаушылар ұйымдастырушылармен ғана емес, дауыс берушілермен де сөйлесе алды. Бұл туралы Чжан Мин журналистерге Орталық коммуникациялар қызметінде көшпелі брифингі барысында айтты.