5 маусымда Қазақстанда республикалық референдум өтті. Референдум мемлекеттік жүйені жаңғырту мен демократияландыру барысында тарихи аса маңызды қадам болды. Екінші республиканың негізін қалайтын дауыс беру рәсімі өтті. «Республикалық референдум» туралы ҚР заңының 31-бабының 2 және 3 тармақтарына сәйкес референдум өткізілді деп танылды және ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі жөнінде шешім қабылданды деп есептеледі. «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының 3-бабына сәйкес заң алғашқы жарияланған күннен бастап, қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді.