Конституциялық сот тиісті конституциялық заң қабылданбай, азаматтардың шағымдарын қарай алмайды. Сондай-ақ, Конституциялық кеңес қолданып жүрген нормативтік қаулылар конституциялық сот оларды қайта қарағанға дейін Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді.