Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 8 мектептің құрылысы жүргізілуде, соның ішінде жеке инвесторлар есебінен 2 мектеп салынды. Жалпы, 77 мектептің құрылысы жоспарға енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңір әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді.