Бас прокуратура қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істердің тергеу барысы туралы хабарлауды жалғастыруда. Белгілі болғандай, сол қайғылы күндері Алматы, Шымкент қалаларымен Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында қирату, мемлекеттік объектілері өртеу, мүлікті жою және терроризм актілері орын алды. Осы фактілер бойынша 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеп-тексерулер бар. Орталық коммуникациялар қызметі барысында Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев осындай мәліметтерді келтірді.