Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 56 күдіктіге қатысты 553 қылмыстық іс бар. Жеке басын сипаттайтын деректерді және жасалған қылмысқа қатыстылығын ескере отырып, ішкі істер органдары бойынша 255 күдікті қамақтан босатылды, оларға қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді