АртСпорт бағдарламасы жабылады деуге де ешқандай негіз жоқ. Осы уақытқа дейін мақұлданған ваучерлер төленеді. Әр аймақ оған қажетті қаржыны қарастырып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлім етті.