Орталық коммуникациялар қызметі алаңында брифингке қатысушылар Павлодар облысының әкімінен қант зауытының тағдыры, «Павлодар» ӘКК әзірлеп жатқан жобалық-сметалық құжаттама, бірінші жобаның неге сараптамадан өтпегені туралы сұрады. Сарапшыларға не ұнамады? Қанша қаражат жұмсалды және жобаны алу үшін қанша қаражат жұмсалады? Болашақ зауытқа коммуникация тарту қай кезеңде? Инвестор табылды ма? Зауыт белгіленген мерзімде, яғни 2024 жылы салынып біте ме? Нысан бойынша барлық сұрақтарға Әбілқайыр Сқақов жауап берді.