Жергілікті бизнесті дамытып, қалаға инвестиция тарту мақсатында алдағы 5 жылда 2,6 трлн теңгеге 20 мың жұмыс орнымен 242 жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде 2022 жылы 154,7 млрд теңгеге 50 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент әкімі Мұрат Айтенов осындай көрсеткіштерді келтіріп өтті.