Елордадағы тұрақтар – өзекті мәселе. Халық тарапынан айтылған наразылықтар көп. Әлеуметтік желілерде адамдар ақылы автотұрақтар өте көп, тіпті аулаларда да, мемлекеттік органдардың алдында да жасалған деп шағымданады. Жақын маңда тұратын азаматтарға көлік қоятын орын жоқ. Бозғылт түсті белгілерге де қатысты ескертулер айтылуда. Оны байқамай қалған астаналықтарға айыппұлдар туралы хабарламалар келіп жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысушы Нұр-Сұлтан қаласының әкімінен қала тұрғындары атынан баға саясаты мен қағиданы қайта қарауды сұрады.