Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобада 2025-ші жылға қарай су үнемдеу технологияларын қолданатын жер көлемін 265-тен 450 мың гектарға дейін ұлғайту көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитетінің төраға орынбасары Досбол Бекмағамбетов хабарлады.