2022 жылғы 20 маусымда Мемлекет басшысы зияткерлік меншік саласындағы заңнамалық түзетулерге қол қойды. Заң бойынша жұмыс зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша кезекті қадам болды. Бұл процесс ұлттық заңнаманы осы саладағы халықаралық шарттармен үйлестірумен негізделген. ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметованың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан 19 халықаралық шарттың және 25 өңірлік келісімінің қатысушысы болып табылады. Осыған байланысты, Парламент Мәжілісімен 2 жыл бұрын Әділет министрлігіне осы саладағы құқық қолдану практикасына талдау жүргізу ұсынылды.