Шекара маңындағы аудандар мен бұрынғы аудан орталықтарын қайта жаңғырту өңірдегі -маңызды бағыт. Қытай Халық Республикасымен шекаралас орналасқан, облыс орталығынан орташа алғанда 400 шақырым қашықтықта орналасқан өңірлер үшін халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған кешенді жоспарлар қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.