Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Америка мен Африка өңірлерін санамағанда соңғы аптада әлемдегі сырқаттану жаппай өсуде. Қалған 4 өңірде сырқаттанушылық 4-тен 30%-ға дейін өскені байқалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.