Әлемде сырқаттанудың өсуімен қатар Қазақстанда да 20 маусымнан бастап коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың өсуі байқалады, соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану 2,5 есеге өсті. Тәулігіне коронавирустың расталған саны 1300 жағдайға дейін, ал коронавирустың расталмаған саны 10-15 жағдайға дейін тіркелуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.