Инфекцияның ауыр түрлерінің және ауруханаға жатқызудың алдын алудың шарасы – бұл КВИ-ге қарсы вакцинация. Вакцинация және ревакцинация инфекциядан қорғаудың жалғыз жолы. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының үлгісінде ауырған адамдардың 80%-ы егілмеген адамдар немесе 6 ай бұрын егілген адамдар екені анықталды, бұл тағы да КВИ-ға қарсы вакцинацияның қажет екенін растайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.