ТЖМ барлық елді мекендерге қарау жұмыстарын жүргізді. Облыс әкімдіктеріне аудандық және ауылдық әкімдердің өртке қарсы іс-шараларды орындауы туралы хабарланды. Олардың нәтижелері бойынша 3 585 елді мекенде құрғақ өсімдіктерден және жанғыш қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді, ұзындығы 19 мың км астам елді мекендердің айналасындағы минералдандырылған жолақтар орындалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Төтенше жағдай министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов хабарлады.