Әкімдіктердің ақпараты бойынша бүгінгі күні картоп қоры жеткілікті. Маусым айынан бастап ерте картоп жинау басталды. Ерте пісетін картоптың жалпы өнімі бүгінде 270 мың тоннаны құрайды. Тамыздың бірінші жартысында 7,8 мың тонна жинау жоспарланған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осындай мәліметтерді келтірді.