Қант зауыттары отандық қызылшаның маусымаралық кезеңінде шикі қант «іздеуге» мәжбүр, ал бұл биржалық тауар, спот бағамен сатылады, келісім-шарттар жасалады, тәуекелдер бар. Көрші елдерден арзан қант келгенде, бұл біздің зауыттардың жұмысына «кедергі» келтіреді, осындай сәттерде олар тоқтауға мәжбүр болады. Сондықтан соңғы бірнеше жылда тұтынылатын қанттың 570 мың тоннасының басым бөлігі 400 мың тоннаға дейін Ресейден импортталады.