Халықаралық адам саудасына қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, ҮЕҰ-дың тиімді ынтымақтастығының қаншалықты қалыптасқандығының көрсеткіші болып табылады. Үкімет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы кезінде бірлескен ақпараттық науқандар, адам саудасының құрбандарын анықтау жөніндегі рейдтік іс-шаралар, 116 16 жедел желі жұмысы, сондай-ақ белсенді сәйкестендіру арқылы адам саудасының алдын алу бойынша бірлескен ауқымды жұмыс атқарылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстан Республикасындағы өкілі, «Сана Сезiм» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Шахноза Хасанова мәлімдеді.