Адам саудасы – заңнамалық тұрғыдан қылмыс ретінде қарастырылады. Қазақстанда тиісті қылмыстық жауапкершілік те көзделген. Бірақ қазір қоғам үшін әлеуметтік қауіпті құбылыс туралы сөз болып отыр. Себебі іс жүзінде бұл қылмыс адамның бірқатар құқықтарына әсер етеді. Бұл туралы Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.